Бақылау жүйесі

Гидрогеологиялық бақылаулар

     Гидрогеологиялық бақылау 12 станцияда жүргізіледі. Гидрогеологиялық бақылаулардың мақсаты күшті жер сілкінісінің жаршысы болатын әртүрлі гидрогеологиялық параметрлердің өзгерістерін зерттеу.

     Гидрогеологиялық станцияларда 2000 м ден 200 м дейін әртүрлі тереңдікте ұңғымалар бар. Көбінесе жер асты суын өзі төгетін ұңғымалар қолданылады, бірақ жеке станцияларда өзі төкпейтін ұңғымалар қолданылады.

 

     Станцияларда бақыланатын параметрлердің жиынтығы, жерасты суының түріне, химиялық құрамына, бақылау жағдайына және станцияның техникалық жабдықталуына байланысты, 30-ға жетеді.

    Бақылау нәтижелері бойынша бастапқы өңдеу және деректер базасын толықтыру жүргізіледі.

     Барлық станцияларда жылына  650 000-ға жуық әртүрлі гидрогеологиялық параметрлердің өлшеуі жүргізіледі. Химия-аналитикалық зертханаларда жер асты суының 20 000-ға  жуық сынамасы іріктелінеді және талданады.

Гидрогеологиялық бақылау жүргізу, станциялардың орналасу сұлбасы

© «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым комитеті.
Сейсмологиялық тәжірибе - әдістемелік экспидициясы» мемлекеттік мекеме 2003—2024
өңдеу мен дизайны
Маметова, 67
Алматы, Казахстан
+7(727)2379279