«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ ММ» туралы

Ақпараттарды өңдеу

     Станциялардағы алынған барлық ақпараттар тиісті бөлімдерде өңделеді.

     «Алматы» орталық сейсмикалық обсерваториясы («Алматы» ОСО) тәулік бойы күшті және сезілген жерсілкінісі туралы жедел жеткізу қызметін (ЖЖҚ) орындайды. Күшті және сезілгіш жерсілкінісі жағдайында «Алматы» ОСО кезекші операторы: ошақтағы уақытты, эпицентр координатын, жерсілкінісі класын немесе оның магнитудасын жедел түрде анықтайды. Жерсілкінісінің параметрлерінің ақпараттарын анықтағаннан кейін ол туралы Қазақстан Республикасының директивті органдарына жіберіледі.

     Станциялардан жіберілген ақпараттар өңдеу отрядтарына: сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық және наклономерно- деформаграфиялық бақылаулар түрінде келеді. Өңдеу барысында шекаралас мемлекеттердің сейсмологиялық мекемелерінің мәліметттері қатыстырылады. Барлық алынған мәліметтер мен олардың өңдеулері DVD дисктерде жазылып, архивте сақталады. 

     Соңғы 7-10 жылда СТӘЭ сейсмологиялық бақылау жүйесінде айтарлықтай өзгерістер болды. Бақылау жүйелері заманауи аспаптармен жабықталған. СТӘЭ-ның заманауи технологияларға көшу жұмыстары әлі де толығымен аяқталған жоқ. Жүйелерді қайта жабдықтау, жаңа аспаптар мен байланыс құралдарын енгізуді жалғастыру қажет.

© «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым комитеті.
Сейсмологиялық тәжірибе - әдістемелік экспидициясы» мемлекеттік мекеме 2003—2024
өңдеу мен дизайны
Маметова, 67
Алматы, Казахстан
+7(727)2379279