«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ ММ» туралы

Қызметтің мақсаты

     «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ қызметінің мақсатыҚР сейсмоқауіпті аудандарында жерсілкінісін болжау мақсатында кешенді зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

 

     Көрсетілген мақсатқа жету үшін мемлекеттік мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асыруда:

  1. Қазақстан Республикасының территориясында сейсмологиялық мониторинг жүргізу;
  2. бақыланатын территориялар мен жатқызылатын аудандардағы жерсілкіністер туралы тіркеулер мен мәліметтерді өңдеуді жүзеге асыру;
  3. жыл бойы далалық аспаптық бақылау өткізу және станциялар желісінен үздіксіз сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеологиялық, деформографиялық, сейсмобиологиялық және басқа да ақпараттарды алу.
  4. Алынған мәлеметтердің алғашқы өңдеуін жүргізу;
  5. зерттеу аумағының сейсмикалық тәртібін бақылау бойынша тематикалық жұмыстар жүргізу;
  6. тіркеу процестерін автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізу және аспаптық бақылау мәліметтерін өңдеу және беру;
  7. Қазақстан территориясындағы күшті жерсілкінісінің эпицентрлік аймақтарында уақытша сейсмикалық және геофизикалық станцияларда жұмыстарды өрістету, сонымен қатар Қазақстан Республикасының директивті органдарының жарлықтары бойынша жұмыстар орындау;
  8. Қазақстан Республикасының директивті органдарын бақыланатын территориялардағы барлық сезілетін және күшті жерсілкіністері туралы хабарландырады;
  9. жерсілкінісін болжау комиссиясына мағлұматтар ұсынады;
  10. жерсілкінісінің оперативті каталогтары мен бюллетендерін құрастырады, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, деформографиялық және басқа ақпараттардың архивтерін қалыптастырады;
  11. жерсілкінісін болжау бойынша бақылау жүргізу және мәліметтерді өңдеу үшін жаңа әдістер мен техникалық құралдарды енгізеді.

 

     Жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері сейсмологиялық станциялар желісінде және алынған ақпараттарды өңдеу отрядтарында жүргізіледі.

© «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым комитеті.
Сейсмологиялық тәжірибе - әдістемелік экспидициясы» мемлекеттік мекеме 2003—2024
өңдеу мен дизайны
Маметова, 67
Алматы, Казахстан
+7(727)2379279