«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ ММ» туралы

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ құрылымы

     «СТӘЭ» құрамына: үш далалық кешенді партиялар - Тянь-Шань (ТШКП), Алматы (АКП), Сейсмологиялық ақпараттар орталығы (САО); сейсмобиологиялық отряд (СБО); басқару аппараты; қосалқы қызмет кіреді. Жалпы қызметкерлер саны 335 адам.

 

     ТШКП, АКП және СБО негізгі жұмыстары станциялар желісінде сейсмикалық тәртіпті, геофизикалық өрістердің өзгерісін (магнитті, табиғи электрлі, электромагнитті), гидрогеологиялық параметрлерді, жер қыртысының қазіргі қозғалысын  және биологиялық объектілердің іс-қимылдарын жыл бойы тәулік бойы бақылау болып табылады.

 

     Тянь-Шань кешенді партиясының құрамына 28 станция кіреді. Бұл станцияларда келесі  бақылау түрлері жүргізіледі: сейсмикалық; геофизикалық, гидрогеологиялық, биологиялық және жер қыртысының қазіргі кездегі қозғалыстарын бақылау. 

     Алматы кешенді партиясының құрамында14 станция бар. Бұл станцияларда келесі  бақылау түрлері жүргізіледі: сейсмикалық; геофизикалық, гидрогеологиялық, биологиялық және жер қыртысының қазіргі кездегі қозғалыстарын бақылау. АКП-ның құрамында келесі жұмыстарды атқаратын химия-аналитикалық лаборатория бар: бақылау пункттерінде  белгілі себептермен жасауға мүмкіндік жоқ суға және газға химиялық талдау жасау; гидрогеологиялық стансаларда химиялық талдау жасау кезінде методикалық талаптарды сақтауды бақылау; СТӘЭ-ның гидрогеологиялық стансаларын химиялық реактивтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету.  

    Сейсмологиялық ақпараттар орталығы өз жұмыстарын Алматы Орталық сейсмикалық обсерваториясында (ОСО)  Алматы қаласының территориясындағы күшті жер қозғалыстары пунктерінде, «Вулкан» сейсмотелеметрикалық жүйесінде, бақылаудың барлық түрлерінің алғашқы және кешенді өңдеу мәліметтері бойынша, мәліметтерді мұрағаттау және сақтау бойынша жүргізеді.  

     Сейсмобиологиялық отрядының құрамына 4 станция және ТШКП-ның «Күрті»стансасындағы бақылау пункті кіреді.

     Басқару аппаратына экспедиция басшылығы, бухгалтерия, кадрлар бөлімі және т.б.кіреді.

© «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым комитеті.
Сейсмологиялық тәжірибе - әдістемелік экспидициясы» мемлекеттік мекеме 2003—2024
өңдеу мен дизайны
Маметова, 67
Алматы, Казахстан
+7(727)2379279