Бақылау жүйесі

Сейсмикалық бақылаулардың жүйесі

     Сейсмикалық бақылау (күштілігі мен қашықтығы әртүрлі жерсілкіністерін тіркеу) 46 станцияда жүргізіледі. Сейсмикалық бақылаулар: барлық сейсмологиялық зерттеулердің негізі болып табылатын жерсілкіністер каталогын құрау; «күшті» жерсілкінісі туралы ақпарат алу; сейсмикалық режимнің және сейсмикалық толқындардың әртүрлі жаршы параметрлерін зерттеу; инженерлік сейсмология мақсатында күшті жерсілкінісі кезінде әртүрлі типті топырақтың өзгерісі туралы ақпарат алу мақсатында жүргізіледі. 

               Бақылау кең жиілікті және әртүрлі динамикалық диапазондардағы аспаптармен жүргізіледі.Аспап кешенінде: DM-24, Q730, DAS 6102 сандық сейсмикалық станциялар “Вулкан” сейсмотелеметриялық жүйесі, ETNA күшті қозғалыстардың сандық қүрылғысы кіреді.

     «Вулкан» сейсмотелеметрикалық жүйесі 11 сейсмотелеметрикалық станция және  Алматы Орталық сейсмикалық обсерваториясында (Алматы ОСО) орналасқан  өңдеу орталығынан тұрады. Ақпараттар барлық станциялардан шынайы уақытта «Алматы» ОСО-на беріледі.

 

       Қазақстан Республикасының үлкен бөлігі сейсмикалық бақылаулар жүйесімен қамтылмаған. Барлық станциялар аймақтың оңтүстік және оңтүстік шығыс бөлігінде шоғырландырылған, ал Қазақстанның батыс және солтүстік бөлігінде, шектескен мемлекеттердің ақпараттарынсыз, жерсілкінісінің параметрлерін анықтау мүмкін емес.

      ЕTNA күшті козғалыстың сандық құрылғысы күшті жерсілкінін тіркеуге арналған. Инженерлік сейсмологияда «күшті» жерсілкіністерінің жазбасы нақты сейсмикалық аудандастыру және микросейсмикалық аудандастыру жасау үшін қолданылады.

 

СТӘЭ-ның сейсмикалық станцияларының схемасы.

© «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым комитеті.
Сейсмологиялық тәжірибе - әдістемелік экспидициясы» мемлекеттік мекеме 2003—2024
өңдеу мен дизайны
Маметова, 67
Алматы, Казахстан
+7(727)2379279