«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ ММ» туралы

Станциядағы ақпараттардың өңдеу орталығына жіберілуі

     Сейсмологиялық мониторинг жүйесінің негізгі бөлігі Өндеу орталығындағы бақылау нәтижесінде алынған ақпараттардың жүйесі болып табылады. Қазіргі уақытта бұл үшін әртүрлі байланыс каналдары қолданылады: УҚТ диапазондағы радиоканалдар, телефон каналдары, интернет және спутникті каналдар.

     Сейсмологиялық станциялардың орналасу жағдайларына қарай спутниктік каналдар ақпараттарды жеткізу талаптарына барынша толық жауап береді. Олар Өңдеу  орталығының жергілікті есептеуші жүйесін, станциялардың есептеуші  жүйесімен қарапайым түрде бірікттіріп, ақпараттарды барлық бірікттірілген есептеуші жүйелерге үздіксіз жіберуге мүмкіндік береді. 

     Бұл жағдайда Өңдеу орталығынан, қажет кезде, өте қысқа уақыт аралығында станцияда өлшенген кез келген параметрдің көрсеткішін алуға мүмкіндік бар.

    Бұл күшті жерсілкінісінің болған жағдайында және күшті жерсілкінісінің күтілуі кезінде өте маңызды болып табылады.

© «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым комитеті.
Сейсмологиялық тәжірибе - әдістемелік экспидициясы» мемлекеттік мекеме 2003—2024
өңдеу мен дизайны
Маметова, 67
Алматы, Казахстан
+7(727)2379279