«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ ММ» туралы

Құрылу тарихы

     Республикалық сейсмологиялық бақылау жүйесі Қазақстанда өзінің дамуын КСРО Ғылым академиясының Жер физикасы институты негізінде құрылған бірнеше сейсмикалық станциялармен бастаған еді. Бұл 1929 жылы ашылған «Алма-Ата»  станциясы, 1932 жылы құрылған  «Шымкент» станциясы, 1950-1951 жылдары құрылған «Іле», «Курменты», «Шелек», «Фабричный» станциялары және соңғы 1961 жылы құрылған «Қызыл-Ағаш» станциясы еді.

 

      1976 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының Сейсмология институты (ары қарай (СИ) құрылды. Бұл уақытқа дейін Қазақстан территориясында 12 сейсмикалық станциялар жұмыс жасап келген еді.СИ ұйымдастырғаннан бастап бақылау жүйесі дами бастады. Станциялар саны көбейіп, бақылау параметрлері саны кеңейді. Сейсмикалық бақылаулардан басқа геомагниттік, гравиметриялық,  геодезиялық, электротеллурлық бақылаулар жүргізіле бастады. 

 

     1979 жылы барлық бақылау жүйесі СИ құрамындағы Тәжірибе-әдістемелік партиясына біріктірілді. Тәжірибе-әдістемелік партиясымен болжау полигонын дамыту жұмыстары жүргізілді. 1979 - 1980 жылдары 9 әртүрлі станциялар, оның ішінде 7 гидрогеологиялық станциялар ашылды. Қазақ КСР 1981 жылға экономикалық және әлеуметтік дамуның мемлекеттік жоспары  мен  қайта құрылған мекемелер тізіміне сәйкес Қазақ КСР Ғылым академиясы Президиумының 1981 жылдың 8 қаңтарындағы № 10 қаулысына қабылданып 1981 жылы «Қаз КСР ҒА Сейсмология институтының Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» (Қаз КСР ҒА СИ СТӘЭ) құрылды. 2000 жылы  Қаз КСР ҒА СИ СТӘЭ «Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі болып құрылды. Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің құрылуына байланысты «ҚР БҒМ СТӘЭ» ММ Ғылым комитетіне берілді де, «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі болып қайта өзгертілді («ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ).

«СТӘЭ» ММ-сі 2013 жылы «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы» АҚ «СТӘЭ» ЖШС-і болып қайта құрылды. 

 

© «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым комитеті.
Сейсмологиялық тәжірибе - әдістемелік экспидициясы» мемлекеттік мекеме 2003—2024
өңдеу мен дизайны
Маметова, 67
Алматы, Казахстан
+7(727)2379279