«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ ММ» туралы

Бақылау жүйелері

     Сейсмологиялық ақпараттар мониторингі Алматы қаласындағы және Қазақстан Республикасының Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан  облыстарындағы сейсмологиялық станциялар желісінде жүргізіледі. Сейсмологиялық мониторинг жүйесіне:

  • сейсмологиялық бақылау жүйесі;
  • геофизикалық бақылау жүйесі;
  • гидрогеологиялық бақылау жүйесі;
  • жер қыртысының осы күнгі қозғалысын бақылау жүйесі;
  • биологиялық бақылау жүйесі;
  • ақпараттар беру каналдары;
  • ақпараттарды өңдеуді және сақтауды жинау орталығы  кіреді.

   Сейсмологиялық мониторинг жүйесі төмендегі жағдайларды қамтамасыз етеді:

  • жедел жеткізу қызметі, яғни дер кезінде Қазақстан Республикасының директивті органдарын бақыланатын территориялардағы барлық сезілетін және күшті жер сілкіністері туралы хабарландыруды;
  • бақыланатын территориялар мен оған жақын жатқан аудандардағы жерсілкінісін тіркеу;
  • далалық аспаптық бақылау өткізу және үздіксіз сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеологиялық, сейсмобиологиялық  және жер қыртысының қазіргі қозғалысы туралы ақпараттарын алу;
  • барлық алынған ақпараттарды Жинақтау Орталығына жеткізу;
  • Жинақтау орталығында ақпараттарды өңдеу;
  • жерсілкінісінің каталогтары мен бюллетендерін құрастыру;
  • сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеологиялық, биологиялықақпараттардың жәнежер қыртысының қазіргі қозғалысы туралы ақпараттардың архивтерін қалыптастыруды;
  • Сейсмология институтының болжау Комиссиясына үздіксіз мәліметтердің берілуін;
  • Сейсмикалық қауіптілікті бағалау бойынша ғылыми жумыстарды жүргізу, сейсмологиялық аудандастыру мен жер сілкінісін болжау үшін Сейсмология институтина матреиалдарды жеткізу.  
  • Орта және қысқа мерзімді жерсілкінісін болжау мақсатындағы белсенді сейсмиқалық аудандардағы мониторинг;
  • ірі халық-шаруашылық объектілеріне сейсмикалық әсер етуді қадағалау жұмыстарын бақылау мәліметтерімен қамтамасыз етеді;
  • Қазақстан Республикасының территориясындағы күшті жерсілкінісінің эпицентр аймақтарында жұмыс жүргізуді қамтамасыз етеді.

 

     Сейсмологиялық бақылау жүйесіне барлығы 63 станция және пунктер кіреді. Облыстар бойынша станциялар мен пунктер келесі түрде орналасқан:
Алматы қаласы – 12; Алматы облысы – 39; ШҚО – 2; Жамбыл облысы – 4; Қарағанды – 1; ОҚО – 4. Станциялар мен пунктерде бақылаудың әр түрі жүргізіледі: 46-де сейсмикалық, 17-да геофизикалық, 12-де гидрогеологиялық; 10-да жер қыртысының қазіргі қозғалысы; 5-да биологиялық.

     Сеймологиялық стансаларда бақылау жұмыстары жылбойы, тәулік бойы режимінде жүргізіледі.

© «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Ғылым комитеті.
Сейсмологиялық тәжірибе - әдістемелік экспидициясы» мемлекеттік мекеме 2003—2024
өңдеу мен дизайны
Маметова, 67
Алматы, Казахстан
+7(727)2379279